Басшы блогы
Піржанова Бахыт Махатқызы Сұрақ қою Жауаптарды оқу

№4 қалалық емхана

ШЖҚ МКК «№4 қалалық емхана» Қызылорда қаласы Тасбөгет кенті орталығында, Есенов көшесі, 38 б орналасқан.

Қалалық емхана ретінде 2000 жылдан бері халыққа қызмет жасап келеді.

«№4 қалалық емхана» мемлекеттік мекеме 2010 жылы 8 қарашада, № 953 қаулысына сәйкес шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын болып қайта құрылды.

Емхана аусымына 350 адам қабылдауға арналған. Емхана заманауи үлгідегі медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Емхана үш қабатты ғимаратта орналасқан.

Тіркелген халық саны – 36772, оның ішінде ересектер – 22533, балалар – 12837.

№4 қалалық емхана Тасбөгет кентінің құрамына: Маханбетов, Ақжарма, Иіркөл, Талдыарал, Қалғандария елді мекендеріне қызмет көрсетеді.

Емхана аймағына: 10 орта білім беретін мектеп, 3 бала бақша, Бейімделу орталығы, Балаларды оңалту орталығы қарайды.

Емхана құрылымы:

Тіркеу бөлімі;

Алдын-алу бөлімі;

 

Емдеу-алдын алу бөлімі: терапиялық, педиатриялық, ЖТД, акушер-гинекологиялық, мамандырылған бөлім: хирург, балалар хирургі, травматолог, окулист, ЛОР, кардиолог, эндокринолог, гастроэнтеролог;

Күндізгі емхана- 15 төсек;

Диагностикалық-зерттеу бөлімі: лаборатория, рентген бөлімі, УДЗ кабинеті;

Медстатистика кабинеті, шаруашылық бөлім;

Физиотерапиялық бөлім.

 

тегін қызмет түрлері

Емханаға қалай тіркелуге болады?

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4

жаңалықтар

ФОТОГАЛЕРЕЯ