
Біз туралы
ШЖҚ МКК «№4 қалалық емхана» Қызылорда қаласы Тасбөгет кенті орталығында, Есенов көшесі, 38 б орналасқан. Қалалық емхана ретінде 2000 жылдан бері халыққа қызмет жасап келеді. «№4 қалалық емхана» мемлекеттік мекеме 2010 жылы 8 қарашада, № 953 қаулысына сәйкес шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын болып қайта құрылды. Емхана аусымына 350 адам қабылдауға арналған. Емхана заманауи үлгідегі медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Емхана үш қабатты ғимаратта орналасқан. Тіркелген халық саны – 36772, оның ішінде ересектер – 22533, балалар – 12837. №4 қалалық емхана Тасбөгет кентінің құрамына: Маханбетов, Ақжарма, Иіркөл, Талдыарал, Қалғандария елді мекендеріне қызмет көрсетеді. Емхана аймағына: 10 орта білім беретін мектеп, 3 бала бақша, Бейімделу орталығы, Балаларды оңалту орталығы қарайды. Емхана құрылымы: Тіркеу бөлімі; Алдын-алу бөлімі;
Емдеу-алдын алу бөлімі: терапиялық, педиатриялық, ЖТД, акушер-гинекологиялық, мамандырылған бөлім: хирург, балалар хирургі, травматолог, окулист, ЛОР, кардиолог, эндокринолог, гастроэнтеролог; Күндізгі емхана- 15 төсек; Диагностикалық-зерттеу бөлімі: лаборатория, рентген бөлімі, УДЗ кабинеті; Медстатистика кабинеті, шаруашылық бөлім; Физиотерапиялық бөлім.
|