Басты бет

Енгізілді: 06.07.2018Қаралғаны: 180 рет
2018 жылдың І жарты жылдығына арналған Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстары

Қызылорда обылысының денсаулық сақтау басқармасының «№4 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының 2018 жылдың І жарты жылдығына арналған Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстары бойынша ақпарат

 

         Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының №4 қалалық емханасы шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі -Кәсіпорын)   Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығын басшылыққа ала отырып, «№4 қалалық емханасында» сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін, бас дәрігердің 2018 жылғы  25 маусымдағы №06-01/119-ө бұйрығымен бекітілген жұмысшы топ емхана қызметіне ішкі талдау жүргізді.

    

    Талдау жүргізілген кезең:  2018 жылдың 1-ші жарты жылдығы.

 

     Жұмысшы тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жасады:

1)    Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;

Аталған актілерге талдау жасау нәтижесінде, жемқорлық тәуекелдеріне қатысты кемшіліктер анықталған жоқ.

      Емханада 2018 жылдың 6 айында  31 қызметкер жұмыстан  босатылды, оның ішінде:  2 қызметкер зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты, 6 қызметкер емханада штаттың қысқаруына байланысты, 23 қызметккер өз еркімен жұмыстан босатылған себебі, басқа жұмыс орнына ауысуымен байланыстырады. Жұмыстан босатылғандардың ешқайсысының сыбайлас жемқорлықпен байланысы болған жоқ.

      Сондай-ақ, Емхана басшысының өзiнiң жақын туыстарын жұмысқа қабылдау  бойынша жағдайлар  орын алған жоқ. Емханаға жаңадан қабылданатын қызметкерлерді 2018 жылдың сәуір айынан бастап,«Халықты жұмыспен қамту орталығымен»  «Электрондық  еңбек биржасы» www.enbek.kz порталыарқылы жұмысқа қабылдау жүргізіліп отыр және ҚР-ның Еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

1)    Мүдделер қақтығысын реттеу фактілері анықталмаған;

  3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығы бойынша мемлекеттік қызметтер түрін көрсетеді. Емханада 8 қызмет түрі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

1)Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу;

2)  Дәрігердің қабылдауына жазылу;

2)    Дәрігерді үйге шақыру;

3)    Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру (№035-2/у; №079/у);

4)           Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру (больничный лист);

5)           Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру (справка студент, школ, садик);

6)           Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру және қайтарып алуды тіркеу;

7)           Алдын ала міндетті мидициналық қарап тексеруден өту (форме №086/у);

2018 жылдың 1-жартыжылдығында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің  жалпы саны – 25 481,  оның ішінде:

1)         Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу– 2111;

2)         Дәрігердің қабылдауына жазылу – 16132;

3)         Дәрігерді үйге шақыру – 4641;

4)         Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру (№035-2/у; №079/у) – 30;

5)         Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру (больничный лист) – 1488;

6)         Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру (справка студент, школ, садик) – 145;

7)         Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру және қайтарып алуды тіркеу – 0;

8)         Алдын ала міндетті мидициналық қарап тексеруден өту (форме №086/у) – 934

 

9)            2018 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша барлығы 1488 еңбекке уақытша жарамсыздық парағы ашылған,

 оның ішінде : нозология бойынша – 1144;  

                        жүктілікке және босануға байланысты – 298;

                        кесар тілігі (баланы жарып алу) бойынша – 46;

       

       2018 жылдың 6 айында Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралыЖаңартылғанҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына сәйкес № 08/у, 083/у нысандары бойынша – 9 мемлекеттік қызмет көрсетілді;

     «Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндеттерін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 126 бұйрығына сәйкес 412 келушіге мемлекеттік қызмет көрсетілді.

       

        Көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша сыбайлас жемқорлық көріністері орын алған жоқ, мемлекеттік қызмет уақытында көрсетілді

10)      Емханада рұқсат беру функциялары медициналық кітапшаларға көрсетіледі;

11)      Бақылау функцияларын іске асырылмайды;

1) Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер:          Қазақстан Республикасының «Еңбек Кодексі», Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы заңы», Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы қазақстан Республикасының заңы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы  Қазақстан Республикасының  заңы, Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралыЖаңартылғанҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына сәйкес және т.б. Қазақстан Республикасының Заңнамалық актілерімен, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің бұйрықтары, қаулылары бойынша жұмыстар жүргізіледі.

 2) Емханаға қатысты мемлекеттік органдардың  жүргізген тексеру нәтижелері      бойынша 2018 жылдың маусым айында «Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасы мемлекеттік мекемесі тексеру жүргізіп, нәтижесінде, кемшіліктер анықталған жіберілген кемшіліктер назарға алынып, кемшіліктер қалпына келтірілді, бұл тұрғыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтар анықталмаған;

  3) Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жариялымдар жоқ;

4) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған арыз-шағым жәшігі емхана ғимараттың бірінші қабатында орналасқан, арыз-шағым жәшігіне өтініш түскен жағдайда жәшік ашылып, комиссия мүшесімен тиісті акт жасалады.

        Емханаға  2018 жылдың 1-жартыжылдығында жеке тұлғалардан бас дәрігердің атына 5 өтініш келіп түсті.Келіп түскен өтініштер бойынша, Емхананың «Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау (аудит) қызметі» бойынша бас дәрігердің орынбасары келіп түскен өтініштерді  мерзімінде қарап, жауабын беріп отырады .

   5) прокурорлық қадағалау актiлерi жоқ;

   6) сот актілері -басқарма бойынша сот актілері түскен жоқ.

     Есептік кезеңде емхана қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.