Басты бет

Енгізілді: 26.08.2020Қаралғаны: 7 рет
"Жедел ішек инфекциясы типіндегі ажыратпалы диагностикасы"

26.08.2020 жылы сағат 16.00 - де ҚРДСМ 13.08.2020ж. 507 бұйрығына сәйкес ҚР COVID - 19 пандемиясы уақытында балаларға медициналық көмек көрсету тәртібі туралы емханада балалар дәрігерлері мен патронаждық мейірбикелер, СӨСҚ мамандарының қатысуымен семинар өткізілді. Шара барысында балалар дәрігерлері "Балалардағы типті және атипті пневмонияның ажыратпалы диагностикасы", "Пандемия кезіндегі балаларға амбулаторлы - емханалық көмекті ұйымдастыру","Балалардағы көп жүйелі қабыну синдромының диагностикасы" бойынша және ауызбен суландыру бөлмесінің мейірбикесі "Жедел ішек инфекциясы типіндегі ажыратпалы диагностикасы" тақырыбында, СӨСҚ мамандары балалардағы COVID - 19 - дың белгілері мен алдын алу туралы ата - аналарға таратылатынжаднама үлгісін дайындап, таныстырып, үгіт - насихат жұмыстарын жандандыру туралы тапсырма берілді.