Басты бет

Енгізілді: 24.08.2020Қаралғаны: 7 рет
Бронх демікпесі

Емханада "Бронх демікпесі" мектебінде пациенттер арасында денсаулық сабағы жүргізіліп, салауатты өмір салты қағидалары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жаднамалар таратылуда. Бронх демікпесі - тыныс алу жолдарын зақымдайтын созылмалы қабынбалы ауру, ол бронхтың жиырылуын, сондай - ақ сөлінің мөлшерінің артуы мен тұтқырлығының, сілемейлі қабықтың ісінуінің салдарынан бронхпен ауаның өтуінің айқын бұзылуынан көрінеді. ҚАУІП - ҚАТЕР ФАКТОРЛАРЫ. Өзгеретін және өзгермейтін қауіп - қатер факторлары болады. Өзгермейтін(яғни, біз әсер ете алмайтын) қауіп - қатер факторлары: 1. Тұқымқуалаушылық. 2. Жасы. 3. Жынысы. Өзгеретін (яғни, біз әсер ете алатын) қауіп - қатер факторлары: 1. Бақыланбайтын аллергиялық жағдай мен ауру (аллергиялық әсердің жалғасуы). Аллергиялық ринит аса маңызды болып табылады. 3 күннен, сондай - ақ жылына 3 аптадан аса аллергияның белгілерінің болуы толыққанды диагностикадан өтудің тікелей көрсеткіші және анықталған аллергендерге байланысты емдеу мен алдын алудың жеке курстарын әзірлеу. 2.Поллютанттар (ғимараттың ішіндегі және сырттағы ауаның ластануы). 3. Тамақтану сипаты (соның ішінде емізу). 4. Темекі шегу (активті және пассивті). 5. Төмен дене белсенділігі, артық дене салмағы. 6. Кәсіби қауіпті факторлар.7. Қосалқы инфекциялық және инфекциялық емес ауру.