Басты бет

Енгізілді: 22.09.2020Қаралғаны: 7 рет
"Бір әлем, бір үй, бір жүрек" тақырыбында денсаулық акция

2020 жылдың 22 қыркүйек күні N4 қалалық емхана мен Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен "Бір әлем, бір үй, бір жүрек" тақырыбында денсаулық акциясы өткізілді. Мақсаты- аурулардың пайда болу қаупін азайту мақсатында зиянды өнімдер мен темекі өнімдерін пайдаланудан бас тартып, салауатты өмір салты қағидаларын ұстанып, жүрек қан тамырлары ауруларының алдын алудың маңыздылығы туралы ақпараттандыру. Акция барысында қан қысымын өлшеу, бой салмақ өлшеу, қандағы қант құрамын анықтау, мамандар кеңесі т.б.медициналық қызмет түрлері көрсетіліп, ақпараттық-материалдар таратылды.