Басты бет

Енгізілді: 16.06.2021Қаралғаны: 104 рет
Ақ желеңді абзал жан, адам жанының арашашысы”

Дәрігер ісі – ең жауапты әрі қиын сондай-ақ адалдықты қажет ететін маман. Сырқаттанып, ем іздеген талайдың дертіне дауа, көңіліне демеу бола білген, күндіз-түні адам жанының арашашысы болып жүрген ізгілікті маман иелері осы ақ халатты абзал жан. Осынау ізгі жандардың науқастарды емдеуде, оларды ауруынан айықтыру жолындағы еңбектері айтарлықтай.
Міне, осы жолда аянбай еңбек етіп келе жатқан жанның бірі №4 қалалық емхананың акушер - гинеколог дәрігері Амантаева Аружан Ғалымжанқызы. Халықтың алғысы мен ыстық ықыласына бөленіп, абыройлы жұмыс атқаруда. Денсаулық сақтау саласына бар ынта жігерін арнаған тәжірибелі маман өз жұмысына аса жауапкершілікпен қарайды. Алдына келген емделушінің көңілін аулап, жылы сөзбен ем жасау әрбір ақ халатты абзал жанның міндеті болуы тиіс. «Бұл салада өз мамандығын сүйетін адам ғана жұмыс жасау қажет», дейді дәрігер. Себебі мамандыққа адалдық ол басты міндет! «Жұмысты махаббатпен, тиянақты орындаған кезде ғана одан нәтиже болады».
Ол 2010 - 2017 жылдары Ақтөбе медициналық академиясын Акушер-гинеколог мамандығы бойынша бітірген. 2020 жылы Ақтөбе медициналық университетінде акушер-гинекология резидентурасына оқуға түсті. 2017 жылы Ақтөбе медицина жоғары колледжінде оқытушы болып жұмыс атқарған. 2018 жылы ЖШС Сенім емханасында акушер-гинекология бөлімінің меңгерушісі болып, 2019 жылдан бері №4 қалалық емханада акушер-гинекология бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарып келеді. 2019 жылы «Үздік маман» номинациясымен марапатталған. 2020 жылдары Құрмет грамоталарымен марапатталған. 2021 жылы 30 мамырда Ұлт саулығы телебағдарламасында Халыққа ақпараттық – танымдық түсіндірме жұмысын насихаттады. Медицина күні қарсаңында Аружан Ғалымжанқызын кәсіби мерекемен құттықтаймыз. Ел иглігі жолындағы еңбегіңіз еселеніп, нәтижелі жұмысыңыз жемісін бере берсін.