Басты бет

Енгізілді: 19.06.2021Қаралғаны: 96 рет
Марапаттау

      Бахманова Мархабад Қайназарқызы 1966 жылы Қызылорда облысы, Жанақорған ауданы, Төменарық ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1986 жылы Сырдария аудандық аурухананың балалар бөлімінде, 2000 жылдан бері №4 қалалық емханада мейірбике болып жұмыс атқарып келеді. Жұмыстың жауапкершілігін жете түсінетін маман “Дені саудың – жаны сау” қағидасын берік ұстанады. «Қай жерің ауырса, жаның сол жерде» дегендей, ауру жанға батқанда міндетті түрде ақ халаттылардың көмегіне жүгінеміз. Олардан қамқорлықты сезінеміз, нық сеніммен, үмітпен қараймыз. Ақ халатты абзал жан бүгінде ақ халатына дақ түсірмеген абзал жан ғана емес, отбасында сүйікті жар, балаларына ардақты ана, немерелерінің қамқор әжесі.

Төл мерекеңіз құтты болсын.