Басты бет

Енгізілді: 01.07.2017Қаралғаны: 391 рет
Мониторинг сыбайлас жемқорлық туралы ішкі талдау

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау жүргізу бойынша ақпарат 

        Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы    іс-қимыл агенттігінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес және Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығына,Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралыЖаңартылғанҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрықтары бойыншаҚызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «№4 қалалық емханасы» шаруашылық жүрізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмысшы  тобы құрылды.

     Жұмысшы тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жасады:

1)    Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;

Аталған актілерге талдау жасау нәтижесінде, жемқорлық тәуекелдеріне қатысты кемшіліктер анықталған жоқ.

2)           Емханада 2017 жылдың 6 айында 13 қызметкер жұмыстан  босатылды, оның ішінде:  3 қызметкер зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты, 10 қызметккер өз еркімен жұмыстан босатылған себебі, басқа жұмыс орнына ауысуымен байланыстырады. Жұмыстан босатылғандардың ешқайсысының сыбайлас жемқорлықпен байланысы болған жоқ.

      Сондай-ақ, Емхана басшысының өзiнiң жақын туыстарын жұмысқа қабылдау  бойынша жағдайлар орын алған жоқ. Жұмысқа қабылдау «Халықты жұмыспен қамту орталығымен» және ҚР-ның Еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

3)           Мүдделер қақтығысын реттеу фактілері анықталмаған;

1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығы бойынша мемлекеттік қызметтер түрін көрсетеді. Емханада 6 мемлекеттік қызмет түрі бойынша көмек көрсетіледі:

2) Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу;

4)         Дәрігердің қабылдауына жазылу;

5)           Дәрігерді үйге шақыру;

6)           Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама алу;

7)           Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру;

8)           Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру;

2017 жылдың 1-жартыжылдығында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің  жалпы саны – 8468,

1)           Электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекттік көрсетілетін қызметтердің жалпы саны – 17;

2)            Дәрігерді үйге шақыру бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 637;

3)            БХТ (РПН) бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 69;

2017 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша барлығы 1371 еңбекке уақытша жарамсыздық парағы ашылған,

 оның ішінде : нозология бойынша – 1060;  

                        жүктілікке және босануға байланысты – 265;

                        кесар тілігі (баланы жарып алу) бойынша – 8846;

        2017 жылы медициналық құжаттаманың  083/е - 086/е нысандары және медициналық кітапшалары  бойынша1143 келушіге қызмет көрсетілді.

 Көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша сыбайлас жемқорлық көріністері орын алған жоқ, мемлекеттік қызмет уақытында көрсетілді

9)           Емханада рұқсат беру функциялары медициналық кітапшаларға көрсетіледі;

10)      Бақылау функцияларын іске асырылмайды;

1) Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер:          Қазақстан Республикасының «Еңбек Кодексі», Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы заңы», Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы қазақстан Республикасының заңы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы  Қазақстан Республикасының  заңы және т.б. Қазақстан Республикасының Заңнамалық актілерімен, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің бұйрықтары, қаулылары бойынша жұмыстар жүргізіледі.

 2) Емханаға қатысты мемлекеттік органдардың  жүргізген тексеру нәтижелері      бойынша 2017 жылдың маусым айында «Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасы мемлекеттік мекемесі тексеру жүргізіп, нәтижесінде, кемшіліктер анықталған жіберілген кемшіліктер назарға алынып, кемшіліктер қалпына келтірілді, бұл тұрғыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтар анықталмаған;

  3) Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жариялымдар жоқ;

4) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған арыз-шағым жәшігі емхана ғимараттың бірінші қабатында орналасқан, арыз-шағым жәшігіне өтініш түскен жағдайда жәшік ашылып, комиссия мүшесімен тиісті акт жасалады.

        Емханаға  2017 жылдың 1-жартыжылдығында жеке тұлғалардан бас дәрігердің атына-17 өтініш келіп түсті.Келіп түскен өтініштер бойынша, Емхананың «Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау (аудит) қызметі» бойынша бас дәрігердің орынбасары келіп түскен өтініштерді  мерзімінде қарап, жауабын беріп отырады .

  5) прокурорлық қадағалау актiлерi жоқ;

  6) сот актілері -басқарма бойынша сот актілері түскен жоқ.

     Есептік кезеңде емхана қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.