Басты бет

Енгізілді: 04.10.2017Қаралғаны: 143 рет
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У !

Т Ұ Р Ғ Ы Н Д А Р     Н А З А Р Ы Н А !

Жедел респираторлы вирустық инфекциялар -  ауа тамшылы жолымен таралады.Әрбір күз бен қыс айларында, ауа-райының қолайсыздығына байланысты тұмау мен жедел респираторлы вирусты инфекцияның көбею қаупі бар. Мамандар болжамы бойынша бұл індеттердің эпидемиологиялық жағдайы «тұрақсыз» деп бағалануда. Сондықтан індеттік ахуал өршімес үшін өздеріңізді және балаларыңызды сақтаңыздар!  Балаларыңыздың жеке бас гигиенасын мұқият сақтап жүруін қадағалаңыздар. 

Індет басталудан бұрын және маусымдық көтеріңкі ауру-сырқаушылық кезінде тұмау мен жедел респираторлы вирусты инфекцияның алдын алудың аса тиімді әдісі вакцинация болып табылады. Вакцина ектіруді тек медицина мекемелерінде, індет басталмас бұрын қазан, қараша айларында жасатыңыз. 

Өзіңіздің және балаларыңыздың денсаулығы - өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз!

 

Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы

«Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы»  Ж Ш С