Басты бет

Енгізілді: 04.10.2017Қаралғаны: 167 рет
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У !

Құрметті тұрғындар!   

2017 жылдың 1 қазаны мен 1 қарашасы аралығында облыс бойынша жедел респираторлы вирустық инфекция, тұмау мен пневмококктық инфекциялардың алдын алу мақсатындағы   а й л ы қ өткізіледі. 

Өзіңді жедел респираторлы вирусты инфекция мен тұмаудан қалай қорғау керек!  Жедел респираторлы вирусты инфекция мен тұмау – бұл вирустардан туындайтын, тыныс алу жолдарының ең көп таралған аурулары.  Олар ауа-тамшылары арқылы науқас адамнан жұқтырылады.  

Суық тиген кездегі негізгі белгілер: мұрынның бітелуі, тамақтың қышуы, дауыстың қырылдауы, жөтел, дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, бұлшық еттердің ауыруы және т.б. Жедел респираторлы вирусты инфекция мен тұмау балаларды құстыруы, ішін өткізуі (тышқақтау), тыныс алуын қиындатуы мүмкін  

Суық тиген кезде көрсетілетін бастапқы көмек: 

•Жедел респираторлы вирусты инфекция мен тұмаудың бастапқы белгілері біліне бастаған кезде медициналық көмекке жүгіну керек – үйге дәрігер шақыру керек 

•Үйде қалып, төсекте жату керек 

•Сусынды көп ішу керек: лимонмен, балмен, бүлдіргенмен шәй, С дәрумені бар фитошәй, жылы сүт, морс, компот 

•Жедел респираторлы вирусты инфекция мен тұмаудың алғашқы күндері тиімді алдын алу құралдары вирусқа қарсы күресу дәрілері болып табылады (арбидол, ингавирин, анаферон, лавамакс,  интерферон, оксолин майы, мұрынға тамызатын тұзды ерітінділер (тамшы дәрілер, спрей) 

Жедел респираторлы вирусты инфекция мен тұмаудың таралуына жол бермеу:

•Күн сайын бөлменің ішін ылғалдап сүртіп алу және жиі желдету керек  (күніне 3 реттен кем емес)

•Жеке тазалық тәртібін сақтау, қолды жиі жуу 

•Әсіресе үйден сыртқа шығар алдында, мұрынның айналасына оксолин майын жағу 

•Жедел респираторлы вирусты инфекция мен тұмаудың таралу кезеңінде адамдар көп жиналатын орындарға бармаған дұрыс 

•Қатты тоңбау керек, ауа райына орай киіну керек

•Бірреттік  медициналық бетперделерді пайдалану керек 

•Дер кезінде тұмауға қарсы вакцина еккізу керек!

Жүкті әйелдер мен балалардың жедел респираторлы вирусты инфекция мен тұмаумен сырқаттануына жол бермеу жұмыстарына  баса назар аудару керек!

•Жедел респираторлы вирусты инфекция мен тұмаудың таралу кезеңінде (күзгі-қысқы мерзімде) үйден шығарда және үйде ЖРВИ -мен және тұмаумен ауырған отбасы мүшелері болған кезде міндетті түрде бетперде кию керек 

•Адамдар көп жиналатын орындарға бармаған дұрыс (ХҚО, вокзалдар, аэропорттар, қоғамдық көлік, супермаркеттер, балабақшалар мен мектептер)

•Жедел респираторлы вирусты инфекция мен тұмаудың бастапқы белгілері біліне бастаған кезде күндіз болса учаскелік (педиатр мен терапевт) дәрігерді және түнде жедел жәрдемді үйге дереу шақыру 

•Дәрігердің кеңесіне сәйкес дер кезінде тұмауға қарсы вакцина еккізу керек!

•Өздігіңізден емделмеңіз 

•Жүктілік кезінде иммунитеттің әлсірейтінін және ЖРВИ мен тұмаудың асқынуынан қиын дертке душар болу мүмкін екенлдігін есте сақтаңыз (бронхит, пневмония, түсік тастау,    асқынушылықпен мезгіліне жетпей босану)

•Дер кезінде дәрігерге тексеріліп, емделмесе Жедел респираторлы вирусты инфекция мен тұмау асқынуынан адам өліп кетуі мүмкін!  

• Жедел респираторлы вирусты инфекция мен тұмау кезінде бастапқы көмек көрсету үшін үйде дәрілік қобдиша жабдықтау (термометр, бетперделер, аскорбин қышқылы, арбидол, ингавирин, анаферон, лавамакс,  интерферон, оксолин майы, мұрынға тамызатын тұзды ерітінділер  (тамшы дәрілер, спрей)! 

 

Тек дәрігер ғана жеке тексеру барысында Сізге ем тағайындай алады!

Өздігіңізден емделмеңіз, ол Сіздің денсаулығыңыз үшін қауіпті.

Өзіңізді күтіңіз және сау болыңыз!

 

Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы"

«Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру

орталығы» ЖШС