Сәбиді омыраумен емізудің принциптері.
07.08.2023 | 24
07.08.2023 жыл. 1 - 7 тамыз ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АНА СҮТІМЕН ҚОРЕКТЕНДІРУ АПТАЛЫҒЫ.
Анасына сәбиді дұрыс ұстауды үйрету:
1. Баланың басы мен денесі бір түзуде болуы қажет .
2. Беті мен денесін анасының кеудесіне қаратып , баланың мұрны ана омырауының ұшымен бір денгейде болуын қадағалау .
3. Баланың денесі ананың денесіне жақын тұруы тиіс .
4. Анасы баласының тек мойны мен иығын ғана ұстамай , бүкіл денесін ұстап отыруы қажет .
Анасына сәбиді омырауына дұрыс салуын үйрету :
1 Омыруының ұшын баланың ерніне тигізу .
2 . Баланың аузын қаттырақ ашуын күтіп тұру.
3. Баланың астыңғы ерні барынша ана омырауының ұшынан төмен болуын қадағалап тұрып, баланы омырауғы тезірек салу керек .
Ана омырауын нәрестенің дұрыс алуының 5 белгісі.
1. Бала иегі ана омырауына тиюі,
2. Баланың аузының кең ашылуы ,
3.Төменгі ернінің сыртқа түрілуі, 4.Баланың жоғарғы ернінен ана омырауының ареолының үлкен бөлігінің көрінуі
5. Баланың ұртының толып тұруы.
Емханада баланы дамыту кабинетінде болашақ аналар арасында сәбиді омыраумен емізудің принциптері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық - танымдық матералдар таратылды.