ҚАНТ ДИАБЕТІНЕН ҚОРҒАНЫҢЫЗ!

13.11.2023 | 15

13.11.2023жыл. ҚАНТ ДИАБЕТІНЕН ҚОРҒАНЫҢЫЗ!  ҚАНТ ДИАБЕТІ - қан құрамындағы глюкоза деңгейінің артуына(гипергликемия) алып келетін, инсулин деп аталатын гормонның жетіспеушілігімен немесе толықтай жоқтығымен түсіндірілетін созылмалы ауру. ҚАНТ ДИАБЕТІ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ СЕБЕПТЕРІ: дененің артық салмағы; дененің аз қозғалысы; дұрыс тамақтанбау; күйзелістер, ұзақ зорығу; жүктілік кезіндегі қант диабеті (гестациондық қант диабеті); қант диабеті бар туыстар; 65 тен жоғары жас. Қант диабеті - бұл ерекше өмір салты, бұны ұстана отырып, өмір сапасының жоғары деңгейін ұзақ сақтай және асқынуларды нөлге дейін төмендете аласыз. ҚАНТ ДИАБЕТІНІҢ БЕЛГІЛЕРІ: үнемі сусап  тұру, ауыздағы құрғақшылық; кіші дәреттің жиелеуі; әлсіздік, шаршаудың артуы; жаралардың ұзақ жазылуы; терінің құрғауы, қышуы; салмақтың азайюы.       БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ! Дені сау адамда аш қарынға глюкоза деңгейі 1 литрге 5,5 миллимольден төмен болады. ҚАНТ ДИАБЕТІНЕН ҚОРҒАНУҒА САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ КӨМЕКТЕСЕДІ! ҚАНТ ДИАБЕТІН ҚАЛАЙ АЛДЫН АЛУҒА БОЛАДЫ. Өз тамақтануыңызды ұйымдастырыңыз: үлес көлемін қысқартып, тамақтану мөлшерін күніне 5 - 6 ретке дейін арттырыңыз; рациондағы жоғары каллориялы тағам санын қысқартыңыз; тез дайындалатын өнімдерден бас тартыңыз; дене салмағын бақылаңыз; күнделікті дене белсенділігін қамтамасыз етіңіз; шылым шегуден, алкогольді пайдаланудан бас тарту; күйзеліске қарсылықты үйреніңіз.  ҚАНТ ДИАБЕТІН ЕРТЕ  АНЫҚТАУҒА СКРИНИНГТІК ТЕКСЕРІСТЕН ӨТІҢІЗ!       СІЗ ТІРКЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕДЕ СКРИНИНГ ТЕГІН ЖҮРГІЗІЛЕДІ!

Емханаға қалай тіркелуге болады?

Фотогалерея