НИКОТИНГЕ ТӘУЕЛДІЛІК.
16.11.2023 | 15
16.11.2023 жыл. НИКОТИНГЕ ТӘУЕЛДІЛІК. Темекінің әсерінен шылымқорлардың темекі құрамындағы және героин мен кокаинге ұқсас психикалық тәуелділікті тудыратын никотинді алуға құмартатын ауру. ТЕМЕКІНІ ТАСТАУ АРҚЫЛЫ АҒЗАДА МЫНА ӨЗГЕРІСТЕР БОЛАДЫ: 20 минуттан кейін - артериялық қысым төмендеп, тамыр соғысы қалпына келеді; 8 сағаттан кейін - қандағы көміртегі тотығының деңгейі төмендейді, қан құрамындағы оттегі қалыпты деңгейге дейін жоғарылайды; 24 сағаттан кейін - жүрек ұстамасы қаупі төмендейді; 48 сағаттан кейін - дәм мен иіс сезу қабілеті артады; 2-12 аптадан кейін қан айналымы жақсарады, өкпе қызметі жақсарады; 1-9 айдан кейін - жөтел, мұрынның бітелуі мен шаршау және алқынып дем алу азаяды; 1 жылдан кейін - ишемиялық жүрек ауруымен ауру қаупі 2 есеге төмендейді; 5 жылдан кейін - ауыз қуысы, көмей мен өңештің сілекейлі қабығының обыры қаупі 2 есеге қысқарады инсульт қаупі ешқашан темекі шекпеген адам ағзасындай төмендейді; 10 жылдан кейін - өкпе обырымен ауыру қаупі 2 есеге төмендейді. ТЕМЕКІДЕН БАС ТАРТУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ ТЕЗ ЖӘНЕ ҰЗАҚҚА СОЗЫЛАДЫ.ТЕМЕКІДЕН БАС ТАРТУ ДЕНСАУЛЫҚҚА ПАЙДАЛЫ!