Хабарландыру !

07.07.2022 | 22

Құрметті тұрғындар! Көктем - жаз айлары табиғат аясына шығуға қолайлы кезең болғанымен  кене шағу жағдайларының да қаупі жоғары екенін ескертеміз. Кене шағудан таралатын індеттердің ішінде қауіптісі Қырым қанды қызбасы адамды өлімге дейін апарып соқтырады. 
    Сондықтан, аурудың  алдын алу жолдарын  қатаң сақтаңыздар:
•    Егістік  алқабында, саяжайларда  жұмыс жасағанда  және табиғат аясында  демалысқа шыққанда  арнаулы киімдер: ашық түсті, жеңі ұзын, жағасын түймелейтін  киімдер киіп,  шалбарланып жүру керек;
•     Кенесі  көп жерлерде кенеге қарсы улау жұмыстарын жүргізу;
•    Үй жануарларына  кене жабыспау үшін малды дәрілеп, тоғыту қажет;
Ескерту: егер кене жабысқан жағдайда  оны қолмен жұлып алуға болмайды!  Кенені қарапайым медициналық қысқышпен (пинцетпен, тэквистермен) немесе резина қолғап киіп, болмаса шүберекпен неғұрлым тұмсығына жақын жәй қысып ұстап, шайқамай, бұрамай тарту керек. Шаққан орнына иод немесе спирт жағу керек және міндетті түрде дәрігерге көрініңіз. Кенені қағазға орап, өртеп жіберу керек немесе облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының зертханасына тапсырып, ақылы түрде зерттеуге болады.  
    Осындай  алдын алу шаралары мұқият орындалса, аурудан аман боласыздар! 

WhatsApp Image 2022-07-07 at 16.51.13.jpeg

Емханаға қалай тіркелуге болады?

Фотогалерея